"Қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі — оқушылардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігі, — деп бастады өз сөзін мектеп директоры Бакиева Айнагуль Ольжабаевна. —Біз, педагогтер, оқушыларымызды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, олардың саналы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірге жауаптымыз. Бұл — біздің ортақ мақсатымыз. Мен сіздердің бала тәрбиесіндегі еңбектеріңіздің жемісті болатынына сенемін!"
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шаханбаева Гульден Жалбырбаевна 2024 жылы 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР- сы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылдың 30 шілдедегі 194 бұйрығымен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бекітілгенін айтып таныстырды. Қазіргі уақытта бағдарламаның барлық білім беру ұйымдарында іске асырылып жатқанын тілге тиек етіп, құндылықтарын, жобаларын ашып айтты.
Бағдарлама шеңберіндегі әр сынып сағаты аясында 10 минуттық "Қауіпсіздік сабағын" өткізіп отыруды тапсырды.
ҚР - ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-2 бабына сәйкес әрекетсіздік пен хабарламағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын айтып, "Біздің міндетіміз тек қана білім беру ғана емес, балаларды оларды қоршаған қауіп- қатерлерден қорғау," — деп сөзін қорытындылады.