Текст
10.10.2025
Бүгін жоспарға сәйкес мектеп ауласында сенбілік ұйымдастырылды. Оқушылар белсене қатысып, мектеп ауласындағы қоқыстарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Еңбекке деген қызығушылықпен шыққан балалардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Олар бір ауыздан «Еңбек түбі – жеңбек!» деп ұрандап, бірліктің де, тазалықтың да үлгісін көрсетті.