13.10.2025
Сабақтың мақсаты:
• Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
• Құқық бұзушылық пен қылмыс белгілерін, түрлерін ажыратуға үйрету;
• Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру;
• Қоғамның заңдары мен нормаларын құрметтеуге, құқықты қорғауға және заңды сақтауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында «Жасөспірімдер және заң» тақырыбы кеңінен талқыланды. Әңгіме арқылы оқушылар заңның қоғам өміріндегі рөлі, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтың түрлері мен салдары туралы түсінік алды.
Сабақта ақша бопсалау туралы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте бір топ жасөспірім өз сыныптасынан ақша талап еткен жағдай бейнеленді. Оқиғаның соңында жәбірленушінің досы бұл жайлы полицияға хабарлап, құқық қорғау органдары істі тергеуге алды. Нәтижесінде құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылып, өз қателіктерін мойындап, жасаған істеріне өкінді.
Бұл жағдай оқушыларға үлкен ой салды. Сабақ соңында талқылау ұйымдастырылып, балалар өз пікірлерін ашық білдірді. Көпшілігі достық, әділдік және жауапкершілік туралы ой қозғап, заңды бұзбау және қиын жағдайда ересектер мен құқық қорғау органдарына жүгіну керектігін атап өтті.
Сынып сағаты мазмұнды өтті. Оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Сабақ нәтижесінде балалардың құқықтық сауаттылығы артып, заңға, әділдікке және жауапкершілікке деген көзқарасы қалыптасты.
Жауапты: 6- сынып жетекшісі Балгожина Б.А.