Текст
Суырыпсалма ақын, филолог, тарихшы, бүгінде М.Ғабдуллин мұражайының директоры, Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, халық ауыз әдебиеті мұраларын жинақтаушы Құдайберлі Рақымбекұлы Мырзабеков биылғы жылы 60 жасқа толып отыр.
Мектебімізде «Айтыс» үйірмесінің қатысушылары ақын құрметіне шағын айтыс ұйымдастырды. Ұшқыр ой мен шешендікті талап ететін өнер түрі оқушылардың шығармашылығын арттыра түседі.
Ежелгі өнерімізді бүгінгі ұрпаққа насихаттау – біздің міндетіміз.
Жауапты: «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі А.К.Аппасова