Текст
Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Мерекеге аға ұстаздар мен бала күтіміне байланысты демалыста отырған ұстаздар шақырылды .
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж.Шаханбаева іс- шараны ашып, барлық ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтады.
Концерт барысында оқушылар ән айтып, би билеп, әдеби монтаж көрсетті. Көңілді тапқыштар командасы әзілдерімен ұстаздардың көңіл-күйлерін көтерді.
Мектеп директоры Бакиева Айнагуль Ольжабаевна ардагер ұстаздарымызды ерекше құттықтап, аудан тарапынан берілген мадақтамаларымен марапаттады.
Барлық педагогтеріміз қуанышты көңіл-күймен тарқасты.
Жауаптылар: Кумекбаева Г.Б., Бекмурзаев А.Ф., Жұмажан Г.