"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАСЫ БАР ЕЛ

06.01.2025

Ата мен әже – отбасының алтын қазығы. Шаңырақтың тірегі. Ата мен әже барда әлем де жып-жылы. Ата-әженің айналып-толғанып, маңдайдан емірене сүйіп, бауырына қысып еркелеткеніне жетер ештеңе жоқ. Бар ықыласын төгіп, тәттісін тосып, жақсылыққа жол сілтер ең жақсы тәрбиеші, асыл ұстаз, мейірім мен қамқорлықтың озық үлгісін көрсетуші ең аяулы жандарды мерекелерімен құттықтаймыз!
Республикалық референдум өтуіне байланысты Халықаралық қарттар күні мерекесіне арналған іс-шара 08.10.2024 күнге шегерілген болатын.
Мерекелік шараға ауылымыздың зейнеткерлері мен мүмкіндігі шектеулі адамдар шақырылды.
Қонақтарды оқушыларымыз қарсы алып, ырғақты музыкамен қимыл жасату арқылы сергітіп, көңілдерін көтерді.
Іс-шара басталғанға дейін мектеп тәлімгері қарияларымыздан қазақтың ырым-тыйымдары туралы сұхбат алды.
Тәрбие ісінің орынбасары Г.Ж.Шаханбаева қарияларымызды құттықтап, кейінге ауыстырылу себебін түсіндірді.
Құттықтау сөзі Тасты ауылдық округінің әкімі Сабыров Ержан Мұхтарұлы мен «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Өтешов Жақсылық ағаға берілді. Мерейтой иесі Қайыржанов Мұқажан атамызды құттықтап, қарияларымызға сыйлық табыстады. Мектеп директорының дәлелді себептермен болмауына байланысты мектеп ұжымы атынан оқу ісі меңгерушісі Динара Маратовна құттықтау кезегін алды.
Концерт барысында «Қамажай» биі, 8-сынып оқушыларының айтысы, 1 және 3-сынып оқушыларының орындауында өлең жолдары мен «Мен атам жақсы көрем», «Менің әжем» әндері, Қанат Айдананың орындауында «Атам менің» әні, Амангельдинова Аяулым мен Қапбас Гүлзаданың орындауында «Ата мен әжем» әні, «Арулар» бишілер тобының орындауында испан биі, Тастенбек Әлібектің орындауында «Тепеңкөк» күйі және мектебіміздің «Көңілді тапқыштар клубы» қыздарының «Келіндерге арналған әскер» қойылымы көрсетілді.
Қарияларымыздың көңілдері көтеріліп, ақ баталарын берді.
Қорытынды сөз Мәдениет үйінің жетекшісі Зура Бахытжанқызына берілді.
Соңында ауылымыздың асханасында қарияларымызға арналған дастархан жайылды. 

Просмотров: 32


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст