Текст
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларға жолда жүру ережесі бойынша сыныптан тыс сағатын ұйымдастырды. Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін кеңейтті. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол, сонымен қатар, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтау қажеттілігін түсіндірді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға видео көрсетіліп, “Бағдаршам” ойыны ойнатылды.
Жауапты: мектеп тәлімгері Кусаинова Д.Т.