Кез-келген ел азаттыққа қол жеткізген күнін ардақ тұтады, басқа мерекелерден айрықша қастерлейді.
25 қазан — Республика күніне орай тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттары, әдеттегідей, Әнұранмен басталды.
5—6-сынып оқушыларына 6- сынып жетекшісі Динара Маратовна туған жердің қасиетін дәріптеп, оқушылардан сұрақ-жауап алу арқылы өткізді. Отанға деген сүйіспеншілікті әр оқушының жүрегіне сіңіре білді. Жасырын әріптерден “Туған жер” сөзін құрастырды.
5—6-сынып оқушылары пікір алмасу арқылы Қазақстан болашағына саяхат жасады .
7—8-сынып оқушыларына 8- сынып жетекшісі Айнур Кайратовна ҚР-ның Астанасы, оның тарихы мен бүгінгісіне тоқталды.
9-сынып жетекшісі Асемгуль Газизовна Мемлекеттік тілді құрметтеуге, Туымыздың байрағын асқақтатып, Отанымызға қызмет етуге үндеді. Оқушылар болашақ Қазақстанға деген көзқарастары жайында айтты. “Республикам — Мақтанышым!” атты постер құрастырды. Әр сыныптың оқушылары тәрбие сынып сағатында Отанымызға қамқорлық жасау керектігін ұғынды.
Жауаптылар: 5—9-сынып жетекшілері