Текст
Күзгі демалыстың алғашқы күні 8-сынып жетекшісі А. К. Аппасова оқушыларға қашықтан “Қауіпсіз демалыс” сағатын өткізді.
Екінші күні “Табиғат пен болашаққа қамқорлық” тақырыбында оқушылар бейнежазбаларымен бөлісті.
“Қызықты уақыт сағатында” музыкалық аспапта ойнап, “Дәстүр сабақтары” бойынша қыздарымыз бауырсақ пісіруді үйренді. “Демалыс оқуы шақырады” челленджін де ұйымдастырды.
Ал “Отбасылық кинотеатрға” сынып жетекші “Мақсатқа жетер жол” атты отандық фильмді көруді ұсынды.
Осылайша, демалыстың әр күнін қызықты етіп өткізудің оқушылардың көзқарастарын өзгертуге, дүниетанымдарын кеңейтуге ықпалы зор