Жасөспірімдер арасында деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 8-9-10 сынып оқушыларымен «Қыз Жібек» клубының қатысушылары ауыл медбикесімен кездесуір өткізілді. Кездесу барысында жеке бас гигиенасы мен ерте жүктіліктің алдын-алу шаралары тақырыбы қозғалды. Ауыл медбикесі Акпарова К.А. қыз балаларға медициналық тұрғыда ерте жүктіліктің салдары, жеке бас гигиенасы жайында баяндама оқыды, мектеп педагог-психологі жасөспірім шақтағы өзгерістер жайында психологиялық тұрғыда түсінік беріп өтті. Жиналыс барысында қыздар тақырып төңірегінде сұрақтар қойып, қажетті ақпарат алды.
Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, медбике қыздармен тығыз байланысып, алдын алу шаралары оқу жылы кезіңде қайта жүргізу жоспарлануда.