Мектебімізде қарашаның алғашқы онкүндігінде жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткен болатын. Аудандық кезеңге жолдама алған оқушылар қарашаның 14-15 күндері Талапкер ауылының IT мектеп-лицейінде өткен 5-6 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасынан 5-сынып оқушылары Гизатова Зарема орыс тілінен ІІ-орын, жаратылыстанудан Нурумов Нурали ІІ-орын, Қазақстан тарихынан Амангелді Ералы ІІІ-орынды, 6-сыныптан математикадан Тастенбек Әлібек ІІ-орын, орыс тілінен Қайырбек Дария ІІ-орынды иеленді. Сонымен қатар ағылшын тілінен Кожатасова Алуа, қазақ тілінен Амангелді Сұлтан белсенділік танытты.
Оқушыларды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!
ДОІЖО: Камалова Д. М.