Ағымдағы жылдың 26-қарашасында Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Құзыретті мектептер" жобасы аясында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырып, әдіс-тәсілдерді қолдануына ықпал ету, әдістемелік негіздерді қалыптастыру.
Семинарда «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нен екі мұғалім өз тәжірибелерімен бөлісті.
Балгожина Батен Алпысовна 7-сыныпқа «Что такое ЗОЖ?» тақырыбында, Камалова Динара Маратовна 4-сыныпқа «Ways of communication and means of transport» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында заманауи білім алуға және дамуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект элементтері қолданылды. Өркениеттің осындай жаңашылдығын сабақ барысында қолдану оқу процесінің тиімділігін арттырады. Ұстаздарымыз әдіс-тәсілдерін көрсетіп, сабақтарын өте жоғары деңгейде өткізіп келді.
Семинар соңында барлық қатысушы сертификаттармен марапатталды.