"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі"

06.01.2025

Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі

Мектебімізде "Даналық мектебі" әжелер клубы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульден Жалбырбаевна "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" атты ашық шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; өскелең ұрпаққа өнегелерін жеткізу.
Шеберлік сағаты 3- сынып оқушыларының "Жақсы көрем әжемді" атты әнімен бастау алды.
Әже үлгісі — ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі.
Зейнеткер ұстаз Рыскүл Сагинбаевна ұлттық оюдың түрлерімен таныстырып, қолөнердегі оюдың маңызын әр оқушының жүрегіне жеткізді.
"Ел анасы" медалінің иегері Сауя Уагаповна қыздарымызға тоқыма түрлерін көрсетті.
Ауылымыздың белсендісі Ләззат әжеміз ұлттық тағамдардың жасалу жолын түсіндірді.
Мектебіміздің ұстаздары, немере сүйіп отырған әжелеріміз Асемгуль Газизовна және Гулшекер Байдаулетовна да қатысты.
Асемгуль Газизовна шаш өру үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, қыз балалардың киім үлгісіне де тоқталып өтті.
Гулшекер Байдаулетовна ұршық иіру, жүн түту өнерін көрсетті.
Шеберлік сағаты барысында әжелер өнегелі әңгімелерімен сусындатты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Маратовна ырым-тыйымға байланысты сұрақтар қойып, әжелерімізден жауап алды.
Айтылған тақырыптар тәжірибе жүзінде балаларға көрсетілді. Мектеп директоры Бакиева Айнагуль Ольжабаевна сөз сөйлеп, әжелерімізге алғыс айтты.
Бастауыш сынып оқушылары қазақ биімен қонаққа келген әжелерімізді тәнті етті.
Өнегелі үлгі көрсеткен әжелеріміз "Даналық мектебі" клубының жетекшісі Айгуль Шаймуратовна мен мектеп тәлімгері Дина Турегелдиеваның ұлттық тағамдары жайылған ақ дастарханнан дәм татып, ақ баталарын берді.

Просмотров: 205


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст