02.12.2024 – 06.12.2024 жж аралығында мектебімізде тарих пәнінің апталығы өткізілді. Апталықтың ашылу салтанатынан кейін «Батырлар елі», «Тарихи тұлғалар» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. «Виртуалды саяхат» бейнероликтер көрсетілімі, «Тарихты білеміз бе?» үздік сөзжұмбақтар сайысы, «Өткеннің ізімен...» ырым-тыйымдар, «Жау жүрек мың бала», «Көшпенділер», «Аманат», «Сардар» т.б. отандық тарихи фильмдерді көрсетумен жалғасты. «Өткенді біле отырып, болашаққа батыл қараңыз!» сайысымен қорытындыланды.
Туған жер, ата-бабаларымыздың батырлық, ерлік дәстүрі, тыныс-тіршіліктерін тарихтан оқып білеміз.Өнеге алып, болашағымызды болжаймыз. Өткен замандардағы дара тұлғалардың ерлік дәстүрін оқып-білген жас ұрпақтан ғана елім-жерім деген ерлер шығады.
Тарих пен шежіре ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді.
Жауаптылар: С.Б.Аппасов, С.У.Тастембекова