Ағымдағы жылдың 6-желтоқсанында Зерделі ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен Республикалық «Алтын түлек», «Алтын сақа» олимпиадасының желдегерлерін марапаттау шарасы өтті. Шараға 3-6,10-11 сыныптардың аудандық кезеңінің жүлдегер оқушылары қатысты. Мектебеміздің 10-сынып оқушылары Аманжол Ернұр мен Амангелді Сәния жүлделі 3-орын дипломымен марапатталды.
Алтын түлек олимпиадасының негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің білім деңгейін анықтау, дарынды оқушыларды қолдау және олардың болашағын қалыптастыруға ықпал ету. Олимпиада келесідей бірнеше маңызды мақсаттарды көздейді:
1. Дарынды оқушыларды анықтау;
2. Білім сапасын арттыру;
3. Жоғары оқу орындарына түсуге қолдау;
4. Шығармашылық пен көшбасшылықты дамыту;
5. Елдің білімді жастарын қолдау;
Бұл олимпиада білім саласындағы жетістіктерді насихаттап, түлектерге сенімділік беріп, олардың болашағына оң ықпал етеді.
Болашақ түлектеріміздің жеңісті, жүлделі күндері көп болсын деп тілейміз!