«Даналық мектебі» клубының «Аталар мектебі» секциясының жұмыс жоспарына сәйкес мектебімізде «Ата кәсіп – берекенің бастауы» тақырыбында ауыл аталарымен кездесу өтті. Мақсаты: үлкендерден ақыл-кеңес алу, өсіп келе жатқан ұрпаққа өнеге беріп, отбасылық қарым-қатынасты нығайту. Келген қонақтарымыз ер балаларға жеті атаны білудің маңызы, ер баланың дұрыс отыруы, үстел басындағы ырым-тыйымдар туралы айтты. Сонымен қатар, кәсіп таңдауда кеңес берді. Қазақ дәстүрінде төрт түліктің төресі, ер азаматтың қанаты жылқы малы туралы, әрбір ер азамат жылқыға отыра білу керектігін айтып өтті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтай отырып, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиеледі. Муратов Ильяс сегіз өрімді қамшының өру жолын соңындағы інілеріне үйретті. Кездесудің тәрбиелік мәні өте жоғары болды.
Жауаптылар: А.К.Аппасова, А.Ш.Бакиева