22.02.2021ж. күні 3-сынып мұғалімі Г.М.Нугманова математика пәнінен ашық сабақ өткізіді.Тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу .Сабақ бейнебаянды көріп , талқылау арқылы басталды. Сабақтың жалғасы "жылдар сөйлейді" әдісі арқылы жалғасып , балалардың қызығушылығын арттырды. Сабақтың ортасында презентация арқылы есептер беріліп ,шығарылды. Өздік жұмысқа тапсырма беріліді. Сабақ соңында жетістік баспалдағы арқылы оқушылар өздерін бағалады.
24.02.2021 ж.күні 2-сынып мұғалімі С.Д.Байжуманова әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізді.Тақырыбы:Менің туған өлкем.Сабақ барысында бейнебаян көрсетілді, көрнекіліктер пайдаланылды. Қарқын бойынша саралау жүргізілді. «Үш сұрақ» парағы арқылы оқушылар белсене жауап берді. «Үш шапалақ» әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Сабақ өте жақсы өтті. Мұғалім өз мақсатына жетті.
25.02.2021 ж. күні 4-сынып мұғалімі Г.Б.Кумекбаева әдебиеттік оқудан ашық сабақ өткізді. Тақырыбы : Күзгі құс керуені. Сабақ «Дауысынан тап» атты бейнежазба арқылы басталды. Автор туралы бейнебаян көрсетілді. « Кім тапқыр» әдісі бойынша сөзжұмбақ шешілді. «Қызыл кітап» туралы бейнежазба көрсетілді. Сабақ қызықты өтіп,өз мақсатына жетті.
26.02.2021ж.күні 1-сынып мұғалімі З.Е.Нурахметова сауат ашу пәнінен ашық сабақ өткізді.Тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі.Оқушылармен амандасып, сабағымызды психологиялық дайындықпен бастадық. Өткен сабақты бекіте кеттік. Жаңа сабақты «Орнын тап» ойыны арқалы тақырыпты анықтап, ашып алдық. Жаңа сабақ жайлы мәліметтер мен мысалдар да айтыла өтті. Ширату тапсырмалары орындалды. Кері байланыс «СМС» әдісі арқылы жүргізілді. Сұрақ жауаптар қойылды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты.Мұғалім өз мақсатына жетті.
26.02.2021ж.күні мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Г.А.Куракпаева сауат ашу пәнінен ашық сабақ өткізді . Сабақтың тақырыбы Ә дыбысы мен әрпі. Сабақты "Ой қозғау"тәсілі арқылы өткенді қайталаудан бастады. Бейнефильм көрсетіліп, бесік жырын айтумен жалғастырды. Балалар бесік жырындағы ә дыбысы бар сөздерді айтып, буынға бөлді. "Тәй-тәй", "Әлди-әлди", "Қаз-қаз" сөздері қай кезде, кімге арнап айтылатыны жайлы ойларын айтты. "Тыныш, шулатпа!" деген сөзді ым-ишарамен көрсетті. Сергіту жаттығулары болды ."Қай дыбыстан басталады" атты тапсырмалар орындалды.« Ә дыбысынан» басталатын сөздерді оқып, буынға бөлді. Ә әрпін дәптерлеріне, ауаға, тақтаға жазды.Балалар сабаққа деген қызығушылықтары жоғары деңгейде болды. Мұғалім өз мақсатына жетті.