Текст
15 наурыз күні «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Наурыз мейрамының қарсаңында «Шежіре күні» өткізілді. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өмірден озған ата-бабаларына құран бағыштайды. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады. 5 - сынып оқушылары осы іс-шараға белсене қатысып, өздерінің жеті атасы туралы мәлімет берді.
https://www.instagram.com/p/CMg6o61JCWF/?igshid=ekijyqqiijvz