Ақмола облысы, Целиноград ауданы, "Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Денешынықтыру пәні мұғалімі Жамбылов Диас Айбынұлы мен "Өзін-өзі басқару" ұйымының жетекшісі Кусаинова Дина Турегелдиевна "Ұлттық ойын – ұлт қазынасы" атты "сапалы үзіліс " өткізді. Бұл шара үзіліс кезінде оқушылардың бос уақытын мазмұнды әрі қызықты ұйымдастыруға бағытталды.
Түрлі ойындар арқылы мұғалімдер мен оқушылардың көңілін көтеріп, сапалы үзіліс ұйымдастырылды. Бұл бастама оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, сергектік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" шеңберінде жүзеге асырылып, оның негізгі қағидаттары мен құндылықтары айқын көрініс тапты:
Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік;
Бірлік пен ынтымақ;
Әділдік пен жауапкершілік.
Ұйымдастырушылар:
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жамбылов Диас Айбынұлы, "Өзін-өзі басқару" ұйымының жетекшісі Кусаинова Д.Т.
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттық_құндылықтар
#oqu_agartu_ministrligi
#aqmoedu