Текст
2025 жылдың 27-қаңтарында мектепішілік «Пушкин оқулары» байқауы өтті. Байқауға 5-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау Пушкин оқулары мен эссе жазу номинацияларымен өтті. Байқау мақсаты:
1. А.С. Пушкин шығармашылығын насихаттау
Ұлы ақынның әдеби мұрасын оқушылар арасында кеңінен таныстыру және оған деген қызығушылықты арттыру.
2. Әдеби-мәдени тәрбие беру
Классикалық әдебиетке деген құрметті қалыптастыру және оқушылардың рухани дамуына ықпал ету.
3. Шығармашылық қабілеттерді дамыту
Оқушылардың көркем мәтінді мәнерлеп оқу, оны терең түсіну және өз ойын жеткізу дағдыларын дамыту.