АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ
"АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖОББМ" КММ
Тақырыбы: «Әкенің берген тәрбиесі- балаға өмірлік азық»
30.01.2025 жылы «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылған «Әкенің берген тәрбиесі- балаға өмірлік азық» атты танымдық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: баланың бас ұстазы ата – ана, соның ішінде қазіргі уақыттағы
әкелердің тәрбиелік рөлі туралы. Әке мен ер азамат ұғымының нарқы мен мәнін ұғыну және қастерлеу туралы ой бөлісу. Танымдық сабаққа мектеп оқушыларының әкелері шақырылып, тәрбие тақырыбы төңірегінде пікір алмасты. Оқушылар әке тәрбиесі жайындағы ұлттық наным-сенімдермен бөлісіп, мәнің ашуда белсенділік танытып, мамандық таңдау мен өнеге мәселелері жайында сұрақтар қойды. Сабақтың әлқиссасы домбыра үйірмесінің жетекшісі: Беккалиев Н.С. орындауындағы күймен ашылып, сабақ барысында ұлттық құндылық мәселелері кеңінен көтерілді.
Жауапты: Капышев И.А.
Каирбекова А.К.
Әділетті Қазақстан;
Адал азамат;
Озық ойлы ұлт.
Құндылықтар:
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
Әділдік және жауапкершілік.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanat.temirgali
#@orleu_akmola