Текст
“Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де” көктемгі демалыста информатика пәнінің мұғалімі Осипова А.К. "27 наурыз - Кино күні" атты тақырыпта 6-сынып оқушыларымен кино әуесқойларына арналған кинозалда көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие беруде сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушыларға “Барынды бағала” және “Қазына” атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді, фильм жайлы оқушылар өз ойларын ортаға салып, талқылады. Бұл қысқаметражды фильмдерде адами құндылықтар жайлы негізделді.
https://www.instagram.com/p/CM_ujF0JYx0/?igshid=1ozo58wr4w3cb