Бүгін 7-ақпан мектеп мұғалімдерімен «Біртұтас тәрбие бағдарламасының жаңартылған мазмұны мен пәнге интеграциялау алгоритмі» тақырыбында ақпараттық семинар өтті.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы – оқушылардың рухани, адамгершілік, азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған кешенді жүйе. Бұл бағдарлама әртүрлі пәндер арқылы оқыту мен тәрбиенің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Пәнге кіріктірілуі:
1. Гуманитарлық пәндер (қазақ тілі, әдебиет, тарих)
Тұлғаның ұлттық құндылықтарын дамыту.
Ұлы тұлғалар өмірі мен еңбектерін талдау арқылы оқушыларға өнеге беру.
Әдеби шығармалар арқылы адами қасиеттерді (мейірімділік, адалдық, жауапкершілік) дәріптеу.
2. Жаратылыстану пәндері (биология, химия, физика, география)
Табиғатқа жауапкершілікпен қарау, экологиялық сана қалыптастыру.
Ғылым мен технологияның адамзатқа пайдасы мен этикалық мәселелерін талқылау.
3. Математика және информатика
Логикалық ойлау, әділдік, жауапкершілік, тәртіп сияқты қасиеттерді дамыту.
Сандық сауаттылық пен ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
4. Өнер, технология, дене шынықтыру
Эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық ойлауды жетілдіру.
Салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда білім мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ету.
Қоғамдық сананы жаңғыртуға үлес қосу.
Ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыру.
Яғни, аталған бағдарламаның пәндерге кіріктіру – оқушылардың жан-жақты дамуына, ұлттық және азаматтық сана-сезімінің қалыптасуына ықпал ететін тиімді әдіс.
Семинар соңында сабақтың ҚМЖ жасалып, мұғалімдермен сұрақ-жауап сессиясы өтті. Тәрбие мен оқыту біртұтас процесс екендігі көрініс тапқандай.
ДОІЖО: Камалова Д. М.