Текст
1 сәуір - Халықаралық құстар күні.
Табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы. Құстар күні мерекесіне орай «Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де құстарға арнап қолдан ұя жасап, ағашқа ілінді. Құстар – табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.
https://www.instagram.com/tv/CNH3Hsvp_4h/?igshid=13pfojcp12bed