Текст
Бүгін, яғни 13-ақпанда «Орыс-ағылшын тілдері апталығының» аясында 8-9 сынып оқушыларымен "Хогвартс құпиялары" тақырыбында Гарри Поттер квест-ойыны өтті.
Мақсаты: Хогвартстағы бір жұмбақты шешу не белгілі бір артефактты (мысалы, Философ тасын, жоғалған таяқты) табу.
Ойынға қатысушылар құпия-карта арқылы пән мұғалімі Д. Камалова жасырған хаттарды тауып, ішіндегі квест тапсырмаларды, ойынның барлық кезеңдерін орындады.
Ойын оқушыларға қатты ұнады. Ойын соңында Гарри Поттер туралы мақала-газеттер мен кітаптардан үзінділер оқылып, оқушыларға сыйға тартылды.
ДОІЖО: Камалова Д.