Текст
Орыс тілі мен әдебиеті/ағылшын тілі апталығының аясында 5-9 сынып оқушылары арасында «Karaoke Party» өтті. Бұл кеште оқушылар қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі сөйлеу мәдениетін дамытуға, үштілділік дағдыларын нығайтуға, тілдерді практика жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өнерге деген қызығушылығын арттырды, сыныпаралық достық қарым-қатынасты нығайтты. Көңілді ортада оқушылар үштілді түрлі тақырыпта әндер айтып, шара соңын ҚР мемлекеттік әнұранымен аяқтады.
Жауапты: пән мұғалімдері Балгожина Б. А., Аппасова А. К., Камалова Д. М.