2025 жылдың 26-ақпан күні Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде құзіретті мектептер жобасының жоспарына сай «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: Ұлттық құндылық пен білімді сабақтастыру арқылы ұлтжанды тұлға тәрбиелеу, саналы білім алуға жағдай жасау.
Семинарға Талапкер, Ы. Алтынсарин, Нұресіл, Қаражар, Өтеміс, Жаңа Жайнақ мектептері қатысты.
Ашық сабақтар беріліп, шебер сыныптар өткізілді.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, тілдік сауаттылығын және әлеуметтік дағдыларын дамытуда
осындай семинарларды тұрақты түрде өткізу және тәжірибе алмасу алаңдарын құру қажеттілігі атап өтілді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.