*Ақмола облысы,
Целиноград ауданы
«Ақмешіт ауылының ЖОББМ» КММ
Күні: 26.02.2025 ж.
Тақырыбы: "Даналық мектеп"
"Ұлттық құндылықты дәріптеу арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру" тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар "Біртұтас тәрбие" аясында "Даналық мектеп" клубымен басталды. Іс-шара барысында "Ата өсиеті", "Әже даналығы", "Аға қамқорлығы", "Жеңге кеңесі" мектептері таныстырылды.
"Ата мектебінен" Бейсембай Шарапиденұлы "Бата беру" және "Жеті ата" туралы құндылықтар жайында айтып, бата берді. "Әжелер мектебінен" аға ұстаз Сауя Уагаповна мен ауыл әжесі Садвакасова Гүлнәр тоқыма өнері туралы түсінік берді. Сонымен қатар, Балгожина Ләззат құрақ құраудың қыр-сырын түсіндірді.
"Ағалар мектебінен" Диас Айбынұлы ат әбзелдері туралы мағлұмат берсе, Наурызбек Сұлтанұлы домбыраның шығу тарихын баяндап, "Адай" күйін орындады.
"Жеңгелер клубынан" Анар Тастенқызы шаш күтімі туралы айтып, шашты өріп, майлап, таза ұстаудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, қыз балалардың тақия кию дәстүріне тоқталды.
Іс-шара соңында қатысушылар Бейсембай Шарапиденұлы атамыздан бата алып, семинар қорытындыланды.
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ:
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ;
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН;
АДАЛ АЗАМАТ.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК;
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ;
БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva 405
#saltanat.temirgali
#біртұтас_тәрбие
@orleu_akmola