Ақмола облысы,
Целиноград ауданы
«Ақмешіт ауылының ЖОББМ» КММ
Күні: 04.03.2025 ж.
Тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы»
Мақсаты: балалардың аналарға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Ата-анамен бала арасындағы байланысты нығайту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге баулу.
Сабақ барысында ана – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан екені айтылып, аналарға деген құрмет туралы ой қозғалды, қызықты әрі мазмұнды тапсырмалар орындалды.
Балалар мен аналарға арнайы дайындалған сұрақтар қойылды. Аналар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты.
Оқушылар және аналар шығармашылық постерлер жасап, оларды қорғады.
Аналарға түрлі өмірлік жағдаяттар ұсынылып, олар өз көзқарастарын білдірді. Бұл тапсырма аналардың ой-өрісін, тәрбиелік ұстанымдарын көрсетіп, қызықты пікірталасқа ұласты.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. Аналар, мұғалімдер және оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, аналардың ерекше сәттерін қамтитын фотопрезентация көрсетілді. Тәрбие сағаты аналарға арналған әдемі әнмен қорытындыланды.
Бұл тәрбие сағаты өте әсерлі әрі мағыналы өтті. Аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас жақындай түсті. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Іс-шараның басты идеясы орындалды – балалар аналарға деген махаббатын көрсетіп, олардың еңбегін бағалауды үйренді. Мұндай тәрбиелік маңызы зор іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыру жоспарланып отыр.
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ:
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ;
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН;
АДАЛ АЗАМАТ.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК;
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ;
БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva 405
#saltanat.temirgali
#біртұтас_тәрбие
@orleu_akmola