Ақмола облысы,
Целиноград ауданы
«Ақмешіт ауылының ЖОББМ» КММ
Күні: 03.03.2025 ж.
Тақырыбы: "Ана – өмірдегі ұлы есім!"
Бастауыш сынып оқушылары арасында ерекше жылулықпен тәрбие сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар ана туралы мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқып, ана мейірімі мен еңбегінің маңыздылығы жайында ой бөлісті. Сондай-ақ, аналарға арналған жүрекжарды тілектерін білдіріп, олардың өмірдегі ең қымбат жан екенін тағы бір мәрте сезінді.
Сынып сағатының соңында оқушылар "Әжетайым" әнін хор болып орындады. Бұл ән олардың аналарға деген сүйіспеншілігі мен құрметін жеткізу мақсатында шырқалды. Балалардың таза дауысы мен жүректен шыққан әні әсерлі әрі ұмытылмас сәтіне айналды.
Бұл шара балалардың анаға деген махаббатын тереңірек сезінуге, отбасы құндылықтарын бағалауға, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеуге үлкен үлес қосары сөзсіз .
Жауаптылар: Бастауыш сынып жетекшілері
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ:
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ;
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН;
АДАЛ АЗАМАТ.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК;
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ;
БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva 405
#saltanat.temirgali
#біртұтас_тәрбие
@orleu_akmola