Ақмола облысы,
Целиноград ауданы
«Ақмешіт ауылының ЖОББМ» КММ
Күні: 07.03.2025 ж.
Тақырыбы: 9-сынып оқушыларының 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған шығармашылық жұмысы
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, 9-сынып оқушылары мерекелік газет бұрышын шығарып, аналар мен барша әйелдер қауымын ерекше ықыласпен құттықтады. Бұл бастама сынып жетекшісі Ахмедина Асемгул Газизованың басшылығымен ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын игі іс-шаралардың бірі болды.
Газет бұрышында оқушылардың жүрекжарды құттықтаулары, мерекеге арналған авторлық өлеңдері жарық көрді. Сонымен қатар, өз қолдарымен салған суреттері мен безендірілген құттықтау жазбалары газет мазмұнын ерекше әсерлі етіп, көркемдік мәнін арттырды.
Бұл бастама мектеп қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланып, ұстаздар мен ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осындай шығармашылық іс-шаралар оқушылардың өнерге, әдебиетке және қоғамдық белсенділікке деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға оң ықпал етеді.
Мерекелік газет бұрышын әзірлеуге атсалысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ:
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ;
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН;
АДАЛ АЗАМАТ.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК;
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ;
БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva 405
#saltanat.temirgali
#біртұтас_тәрбие
@orleu_akmola