12-ақпан «Ғылым күні» мектебімізге Астана қаласының колледждерінің өкілдері қонақта болды. 8-10 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру шарасы өтті.
1) М. Жұмабаев атындағы халықаралық колледжі
Бұл колледж заманауи білім беру технологияларына негізделген және халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлауға бағытталған. Оқу орны түрлі мамандар бойынша білім береді, соның ішінде педагогикалық бағыттан: бастауыш білім беру мұғалімі, шетел тілі бастауыш білім беру мұғалімі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және информатика мұғалімдері;
Бизнес, басқару және құқық бағытында: маркетолог, туризм, заңгер, қонақ үй менеджері сияқты мамандықтар бар.
Мекен-жайы: Астана қ. І. Есенберлин, 27.
2) «Астана профи» қалалық шаруашылық колледжі Астана қаласындағы инфрақұрылым салаларында мамандар (өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігін ұйымдастыру, сандық техника, лифт және эскалатор, дәнекерлеу) даярлауға бағытталған.
Мекен-жайы: Астана қ. Ақбұғы к, 1/1
Егер сізге осы колледждердің біреуі туралы нақтырақ ақпарат қажет болса, мысалы, мамандықтар, қабылдау шарттары, оқу бағдарламалары туралы сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар!
ДОІЖО: Камалова Д.М.