23-сәуірде мектебімізде «Зерде» зерттеу жобасы мен шығармашылық жұмыстар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті.
Конкурсқа 2–7-сынып оқушылары белсене қатысып, түрлі бағыттар бойынша өз жобаларын қорғады.
Оқушылар өздерінің ғылыми ізденістері мен шығармашылық ойларын ортаға салып, зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде ұсынды. Қазылар алқасы жұмыстардың мазмұнына, өзектілігіне, жаңашылдығына және оқушының жобаны қорғау шеберлігіне назар аударды.
Нәтижесінде,
2-4 сыныптар арасында 3-сынып оқушысы Маратов Дулат І-дәрежелі дипломмен, 5-7 сыныптар аралығында 6-сынып оқушысы Қайырбек Дария І-дәрежелі дипломмен маратталды. Үздік деп танылған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. Барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
ДОІЖО: Камалова Д.М.