Текст
2024 жылғы 24 сәуірде жаратылыстану-математика апталығы аясында 9-сыныпта биология пәнінен «Жұқпалы аурулардың түрлері» тақырыбында Жұмажан Гүлнардың ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты — оқушыларға жұқпалы аурулардың түрлерін, таралу жолдарын және алдын алу шараларын түсіндіру болды. Сабақ барысында мұғалім түрлі интерактивті әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырды. Оқушылар топпен жұмыс жасап, пікір алмасып, тақырыпты терең меңгеруге мүмкіндік алды. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті және қатысушылар тарапынан оң бағаға ие болды.
Жас маманғы шығармашылық табыс тілейміз!
ДОІЖО: Камалова Д. М.