2025 жылдың 21-мамыр күні мектебімізде кезекті педагогикалық кеңес өтті. Кеңес жұмысына мектеп әкімшілігі мен барлық пән мұғалімдері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Педагог-зерттеуші Б. А. Балгожинаның авторлық жұмысын зерделеу зерделеу
Кеңесте мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын қолдау мақсатында ұсынылған авторлық бағдарлама таныстырылып, талқыланды. Бағдарламаның мазмұны, құрылымы және қолдану тиімділігі бойынша ой-пікірлер айтылып, оны оқу үрдісінде қолдануға ұсыныс жасалды.
2. 2024–2025 оқу жылының жылдық қорытындысы
Оқу ісінің меңгерушісі Камалова Д. М. оқу жылының қорытындысын баяндап, білім сапасы, оқушылардың үлгерімі мен тәрбие жұмыстары бойынша талдау жасады. Сонымен қатар, мұғалімдердің жетістіктері мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.
3.Соңғы НҚА-гі өзерістер мен толықтырулар туралы ацтыдып, ұжым Бюллетеньмен таныстырылды.
Педагогтер білім сапасы, оқу жетістіктері мен тәртіп бойынша жасалған бюллетень мәліметтерімен танысты. Бұл деректер мұғалімдерге нақты талдау жасап, келесі оқу жылына жоспар құруға негіз болды.
4. Әртүрлі сұрақтар
Кеңес соңында әртүрлі ұйымдастырушылық және оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты мәселелер, оның ішінде еңбек демалысы, жазғы мектеп, лагерь, т. б қаралып, бірқатар ұсыныстар қабылданды.
Кеңес қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданып, алдағы оқу жылына міндеттер белгіленді.