2025 жылғы 22 мамыр учаскелік полиция инспекторы Аукиров Т. Т. мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – 23-мамырда түлектерге құқықтық тәртіпті сақтау, жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері туралы түсіндіру болды. Сонымен қатар барлық мектеп оқушыларына жол, өрт,су қауіпсіздіктерін қатаң сақтауды тапсырды.
Инспектор оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, түнгі уақытта көшеде жүру тәртібі мен сабақтан кешігуге байланысты заңнамалық талаптар туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті бұзбау, бөгде адамдармен қарым-қатынаста абай болу сияқты маңызды кеңестер айтылды.
Оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, инспектор әрбір сұраққа нақты әрі түсінікті жауап берді. Кездесу бейресми жағдайда, ашық диалог форматында өтті.
Іс-шара соңында инспектор оқушыларға құқықтық мәдениетті жоғары ұстау – әр азаматтың міндеті екенін еске салды және алдағы емтихандар мен соңғы қоңырау шараларына сәттілік тіледі.