"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

КҮНТІЗБЕ


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

31 Мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31.05.2025

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ 🇰🇿
ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ 
АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖОББМ КММ 🇰🇿

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз бар– жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу»

КҮНІ: 31.05.2025 жыл
Тақырыбы: 31 Мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
«Өткенді ұмытқан — ұлт болашағын жоғалтады», — дейді дана халқымыз. Елімізде 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – халқымыздың өткен тарихына тағзым жасап, жазықсыз жапа шеккен миллиондаған азаматтардың рухына құрмет білдіретін ерекше күн. 
Осыған орай мектебіміздің оқушыларына тарих пәні мұғалімдері С.У. Тастембекова мен С.Б.Аппасов, мектеп кітапханашысы А.Ш.Бакиева таным сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында бейнебаян көрсетіліп, өткенгі күн мен Қазақстанның бүгіні туралы ой қозғалды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр ресми түрде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Бұл тарихи шешім – халқымыздың жадын жаңғыртып, әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам болды.
Кеңестік кезеңде, әсіресе 1920–1950 жылдар аралығында, Қазақстанда жап-пай саяси қуғын-сүргін жүргізілді. Билікке қарсы шыққан немесе күдікке ілінген азаматтар түрлі айыптармен сотталып, жер аударылып немесе ату жазасына кесілді. Бұл зұлмат жылдары 100 000-нан астам адам тұтқында-лып, 25 000-ға жуығы атылды. Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды ұлт зиялылары да осы ре-прессияның құрбаны болды.
Сонымен қатар, 1931–1933 жылдары орын алған ашаршылық та халқымы-здың басына түскен ауыр қасірет болды. Ұжымдастыру саясаты, малды тар-тып алу, зорлықпен отырықшыландыру нәтижесінде 2,5 миллионға жуық қазақ аштықтан көз жұмды. Бұл — ұлтымыз үшін орны толмас қайғы.
Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан аумағында «АЛЖИР» (Ақмоладағы әйел-дер лагері), «КарЛаг» (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) секілді лагерлер құрылып, мыңдаған жазықсыз азаматтар мен олардың отбасылары ауыр жағдайда өмір сүрді.

Қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу – біздің азаматтық борышымыз. Ұлт тарихын құрметтеу арқылы ғана біз болашағымызды нық әрі сенімді ете аламыз.

          БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ:
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН; 
АДАЛ АЗАМАТ; 
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ.

Құндылықтар:
Тәуелсіздік және отаншылдық
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік.
Әділдік және жауапкершілік

#Біртұтас_тәрбие 
#oqu_agartu_ministrligi 
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert 
#anar_tanirbergenova18 
#saule_amanzhol
#aqmoedu 
#Кurmangalieva 405
#saltanat.temirgali
#@orleu_akmola

Просмотров: 11


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст