Текст
Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша мемлекеттік емтиханы басталды.
2025 жылғы 10 маусым күні Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде сағат 10:00-де 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау аясында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен жазбаша мемлекеттік емтихан сәтті өтіп жатыр.
Емтихан уақыты сағат 10:00 -12:00 - ге дейін өткізіледі.
Емтихан мектеп әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырылып, барлық санитарлық-эпидемиологиялық және академиялық адалдық талаптарына сай басталды.
Директордың оқу ісі меңгерушісі Камалова Д.М. сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі!