16.07.2025
16-24 шілде аралығында 7,9 сынып оқушылары еңбек практикасына белсене қатысты. Практика барысында олар мектеп ауласындағы көгалдандыру жұмыстарына атсалысып, жауапкершілікпен еңбек етті. Атап айтқанда, оқушылар гүлдер егілген аумақтарды суарып, арамшөптерді жұлып, жерді қопсытып, аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
Бұл жұмыстар оқушылардың табиғатты аялауға, еңбекке баулуға және ұжыммен бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталды. Жазғы еңбек практикасы — балалар үшін еңбекке тәрбиелеудің тамаша үлгісі болды.
Жауапты: Бакиева Айгуль Шаймуратовна