02.09.2025
Оқу жылының алғашқы күнінде 9 – 11-сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Отанымыздың тарихы мен бүгініне тоқталып, оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктері жайында ой қозғалды. Адал азаматтың тұлғасы жайында сынып жетекшілер мен оқушылар арасында әңгіме өткізілді. Оқушылардың қауіпсіздігіне де тоқталып, жедел қызмет номерлерін естеріне түсірді. Жаңа оқу жылы сәтті болсын!
Жауаптылар: сынып жетекшілері А.Г.Ахмедина. А.К.Аппасова, Д.А.Жамбылов.