Текст
05.09.2025
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстыру;
Мектептің ішкі тәртіп ережелері мен қауіпсіздік талаптарын түсіндіру;
Ата-аналар комитетінің құрамын қайта құру.
Жиналыста ата-аналарға «Адал азамат» тұжырымдамасының мәні мен мазмұны кеңінен түсіндірілді. Бұл тұжырымдама жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға негіздей отырып, әділдікке, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке тәрбиелеуді көздейді.
Сынып жетекшілер «Адал азамат» ұстанымдарының мектеп өмірінде де, отбасылық тәрбиеде де маңызы зор екенін ерекше атап өтті.