09.09.2025
Тоғызқұмалақ - қазақ ұлттық мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесінің жарқын үлгісі. 2022 жылы сегізінші қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт түрлерінің ішінде тоғызқұмалақты да дамыту қажеттілігін атап өтуі ұлттық ойынның дамуына жаңа серпін берді деді.
2021 жылы Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы 9 қыркүйек күнін "Тоғызқұмалақ күні" деп жариялады. Осыған байланысты және ұлы Абайдың 180 жылдығына орай біздің мектеп оқушылары да тоғызқұмалақ ойынына белсене қатысты.
Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында оқушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа әр сыныптың оқушылары қатысып, өздерінің ойлау қабілеті мен тапқырлығын көрсетті. Тоғызқұмалақ ойыны балалардың математикалық ойлауын дамытып, шыдамдылыққа, есептеуге және дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
Жарыс соңында оқушылар ұлттық билерден флешмоб биледі.
Бұл шара оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, еңбекқорлық пен кәсіби біліктіліктілігін нығайтты.