12.09.2025
«Тіл – татулық тірегі» онкүндігі аясында «Ана тілім – ардағым» сурет көрмесі өтті.
Көрмеге оқушылардың туындылары қойылды. Әрбір суретте ана тіліне деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет, ұлттық болмысты дәріптеу идеялары көрініс тапты. Оқушылар қазақ тілін қастерлеуді бейнелеу өнері арқылы жеткізіп, өз ой-толғаныстарын шығармашылықпен өрнектеді.
Жауапты: Сынып жетекшілер мен мектеп тәлімгері Д.Т.Кусаинова