16.09.2025
2025 жылдың 16 қыркүйегінде 5–11-сыныптар арасында «Мен буллингке қарсымын! » атты іс-шара өтті. Үзіліс уақытында ұйымдастырылған бұл шарада оқушылар күнделікті өмірде кездесуі мүмкін жағдаяттарды талқылап, оларды дұрыс шешу жолдарын ұсынды.
Шара барысында балалар өз ойларын ортаға салып, бір-біріне қамқор болу мен достықтың қадір-қасиеттерін атап өтті. Сонымен қатар, мектеп ұжымы мен оқушылар барлығы бірге бірлікке, сыйластыққа және мейірімге шақырды.
Бұл іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында буллингтің алдын алу, бір-біріне деген сенім мен қолдауды арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту .