08.09.2025
Бастауыш сынып оқушылары арасында «Әліппе – тілдің әліппесі» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын молайту, әдеби тілде еркін сөйлеуге баулу болды.
Сайыс барысында әр сынып оқушылары қазақ әліпбиіндегі әр әріпке байланысты мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен қысқа өлеңдер оқыды. Балалар өздерінің ой-өрісін, тапқырлығын, есте сақтау қабілетін көрсетті.
Шара тартымды да қызықты өтті.
Жауапты: Бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Г.А.Куракпаева