11.09.2025
Отбасы күніне орай оқушыларға отандық фильмдер көрсетілді
Отбасы құндылықтарын дәріптеу және жас ұрпақты ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында мектепте Отбасы күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Шара аясында бастауыш сынып оқушыларына "Күлдір-бүлдір" телехикаясынан үзінді, ортанғы буын оқушыларына «Ағайындылар» және «Нағыз әке» атты отандық фильмдер көрсетілді.
Көрсетілім барысында оқушылар ұлттық кино туындылары арқылы отбасындағы сыйластық, бауырмалдық пен әке-шеше қадірін терең түсінуге мүмкіндік алды. Әр фильмде отбасының беріктігі, адамгершілік пен жауапкершілік тақырыптары кеңінен қамтылып, жас көрермендерге ой саларлық тағылым берді.
Фильмнен кейін ұстаздар мен оқушылар арасында пікірталас ұйымдастырылып, балалар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар отбасының әрбір мүшесінің орны ерекше екенін, үлкенді сыйлау мен кішіні аялаудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл іс-шара оқушылардың бойына отбасылық құндылықтарды дарытып қана қоймай, отандық киноға деген қызығушылығын арттырды.