17.09.2025
Апта дәйексөзі: "Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!" _Абай Құнанбайұлы_
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған Ақмола облысы бойынша облыстық сайлау болашақ сайлаушылар арасындағы «Сайлау және елдің болашағы» тақырыбындағы диктант 10-11 сыныптар аралығында 2025 жылғы 18 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бакиева Айнагуль Ольжабаевна өткізді.
Негізгі мақсат – жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, сайлаудың маңыздылығы мен өз таңдауы үшін жауапкершіліктің қажеттілігін түсіну, сайлау процесіне белсенді қатысу дағдыларын ояту және республика азаматтарының он сегіз жастан бастап шығу тегіне, жағдайына, ұлтына, дініне қарамастан дауыс беруге қатысуға жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы бар екендігі туралы, сондай-ақ пассивті сайлау құқығы туралы ҚР азаматтарының ҚР Президенті, Парламент, мәслихат депутаты болып сайлануға құқығы бар.
Диктант жазуға 8 оқушы қатысты . Нәтижесінде 7 оқушы – өте жақсыға, 1 оқушы жақсы бағаға жазып шықты. Жұмыс барысында мәтіннің мағыналығы мен түсіндірмелігіне үлкен мән берілді.
Оқушылар іс-шараға өте белсенді араласты.