15.09.2025
Қозғалыс пен ойдың үйлесімділігі
Адамның дамуы тек қана дене күшіне немесе ой қабілетіне байланысты емес, олардың үйлесімді әрекеттесуіне тікелей қатысты. Сол себепті «Қозғалыс пен ойдың үйлесімділігі» сайысы ерекше маңызға ие болды.
Бұл сайыста оқушылар түрлі дене жаттығулары мен логикалық тапсырмаларды қатар орындап, өздерінің шапшаңдығын, ойлау қабілетін және төзімділігін көрсетті. Әр команда Т әрпінен басталатын барынша көп сөздер табу, барлық сөзі Т әрпінен басталатын сөздерден сөйлем құрау және обруч айналып тұрып тақпақ айту мен секіртпе секіріп тұрып сөздер тізбегін құрау тапсырмалары болды.
Қозғалыс пен ойдың тең дәрежеде дамуы адамның жан-жақты жетілуіне жол ашады.
Жауаптылар: гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі А.К.Аппасова мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.А.Жамбылов