22.09.2025
Дроппер – зиянды бағдарламаның бір түрі. Ол өздігінен басқа вирустарды немесе зиянды кодтарды интернеттен жүктеп, жүйеге орнатады. Әдетте, көзге көрінбейтін түрде әрекет етеді.
Қалай жұмыс істейді?
Жасырын түрде интернеттен зиянды бағдарламаларды жүктейді;
Операциялық жүйеге еніп, бақылау орнатады;
Антивирустық бағдарламаларды өшіріп тастауы мүмкін.
Сонымен қатар ата-аналар мен оқушыларға Roblox ойынының қауіпті тұстары түсіндірілді. Аталған ойында атыс ойындары, жарыстар, квестер, қорқынышты рөлдік ойындар, бөгде адамдармен байланыс, сондай-ақ нақты ақшаға сатып алу кезеңдерінің бар екендігі анықталды. Осыған байланысты 19.09.2025 ж. күні ата-аналарға, 22.09.2025 ж. күні мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.