"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҚМЕШІТ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АКМЕЧЕТЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЦЕЛИНОГРАДСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Целиноград ауданы, Ақмешіт ауылы, Ыбырай Алтынсарин 1

КҮНТІЗБЕ


«    Қараша 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі»

29.09.2025

Мақсаты:
Оқушыларды үлкенді сыйлауға, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу; қариялардың өмірлік тәжірибесін бағалауға, өнегесін үлгі етуге бағыттау; ізгілікке, кішіпейілділікке баулу.
Сынып сағаты барысында «Жылы лебіз» ойыны арқылы ата-әжелеріне арнаған жылы сөздерін айтты.  «Қариясы бар ел – қазыналы ел» мақалын талдап, қариялардың қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты.
 Оқушылар  «Қариялардан қандай өнеге аласыңдар?» деген сұрақ төңірегінде ой бөлісті. Мақал-мәтелдер сайысына қатысып, «Қариялар – қазына» бейнеролигін тамашалады.
Қорытынды бөлімде «Жүрекке жылы сөз» әдісі қолданылды. Әр оқушы ата-әжелеріне арналған жылы тілектерін білдірді.
Оқушылар үлкендерді сыйлау, қариялардың ақылын тыңдау, өнегесін бағалау керектігін ұғынды. Өз ойларын еркін жеткізіп, пікір алмасты. Әр бала ата-әжесіне деген сүйіспеншілігін білдірді.
Оқушылардың белсенділігі ауызша мадақтаумен атап өтілді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
 «Менің атам – асыл қазынам» немесе «Әжемнің мейірімі» тақырыбында шығарма жазу немесе сурет салу тапсырылды.
Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Оқушылардың бойында үлкенге құрмет, ізгілік пен мейірімділік қасиеттері арта түсті.

Сынып жетекшісі: Балгожина Б.А.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст